фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/TanyaJoy
Қазақстан халқының саны тарихи белеске жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны жиырма жарым миллионнан асты. Нақтырақ айтқанда, қазір Қазақстанда 20 миллион 518 мыңнан астам адам өмір сүріп жатыр.
Бұл – тәуелсіз еліміздің демографиялық дамуындағы маңызды кезең. Қала тұрғындарының саны 13 миллионнан асса, ауыл-аймақта 7 миллионнан астам халық тұрып жатыр. Жыл басынан бергі өсім де көңіл қуантады. Осы қысқа уақыттың ішінде ел тұрғындарының қатары 18 мыңнан астам адамға көбейген. Оның басым бөлігі – табиғи өсім. Сондай-ақ көші-қон көрсеткіші де оң нәтижені көрсетіп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан халқы 20 миллиондық межені 2023 жылдың қарашасында бағындырған еді. Міне, араға көп уақыт салмай, тағы бір асуды еңсеріп отырмыз. Бұл – елдегі тұрақтылық пен әлеуметтік дамудың, отбасы институтының нығаюының айқын көрінісі.
Халық санының артуы – жай ғана статистика емес. Бұл – әр шаңырақтағы шат күлкі, әр отбасының үміті, әр сәбидің болашаққа басқан қадамы. Сан өссе – сапаға деген жауапкершілік те арта түседі. Ендеше, өсіп-өркендеген елдің ертеңі де еңселі болғай!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через