Елде 700-ден астам медициналық ұйым ЖИ жүйелерін қолданады

Елде 700-ден астам медициналық ұйым ЖИ жүйелерін қолданады

фото: kaz.inform.kz

       Елде 700-ден астам медициналық ұйым инсульт пен қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект жүйелерін қолданады. 

       Соның бірі – CerebraAI платформасы. Ол компьютерлік томография суреттерін талдап, инсульт белгілерін жедел байқайды. Технология 17 инсульт орталығында жұмыс істейді. Жүйе бір жылда инсультке күдік болған 23 мыңнан астам пациенттің нәтижесін талдаған. Бұдан бөлек, жасанды зерде сүт безі мен өкпе обырының белгілерін ерте анықтауда және стоматологиялық диагностикада қолданылады. Ал дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін Alima цифрлық көмекшісі енгізілген. Оны қазір 4 205 дәрігер пайдаланады. Жүйе медициналық құжаттарды рәсімдеуге кететін уақыт төрт есе қысқартты. Бұрын бұл жұмысқа 6 минут жұмсалса, қазір небәрі 1,5 минут жеткілікті.

       https://24.kz/kz/

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз