Астанада грузин сәнінің шеруі өтеді

Астанада грузин сәнінің шеруі өтеді

фото: kaz.inform.kz

       Қадірлі радиотыңдаушылар! Сән – тек киім үлгісі ғана емес, ол – тұтас бір елдің мәдениеті мен болмысын танытатын өнер. Ал халықаралық мәдени байланыстар халықтарды жақындастырып, шығармашылық пен кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер ашады. Осындай мақсатты көздеген «KARTVELI ICONS» атты халықаралық жоба 12–14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл туралы «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы хабарлады.

       Үш күнге созылатын шара аясында Грузияның жиырмадан астам дизайнерлік бренді өз топтамаларын көпшілік назарына ұсынады. Көрмеде заманауи киім үлгілері, аяқ киім, әшекейлер мен авторлық бұйымдар таныстырылады. Сонымен қатар сән көрсетілімдері, іскерлік кездесулер және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылмақ. Жоба қазақстандық көрерменді грузин сән индустриясымен таныстырып қана қоймай, екі ел кәсіпкерлері мен шығармашылық сала өкілдерінің байланысын нығайтуды көздейді.

       «KARTVELI ICONS» халықаралық шарасы Астанадағы «Хилтон Гарден Инн» қонақүйінде Қазақстан Республикасындағы Грузия елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтеді. Оған сән индустриясының мамандары, кәсіпкерлер, медиа және мәдениет өкілдері қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, бұл бастама грузин мәдениеті мен заманауи эстетикасын таныстырумен қатар, Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз