фото: https://pixabay.com/ru/users/friday
Pantone компаниясы бейтарап ақ – Cloud Dancer түсі 2026 жылдың үздік түсі деп атады. Сарапшылар Cloud Dancer реңкінің тыныштық сыйлайтынына сенімді.
Түстерді болжау мен зерттеуді бақылайтын Pantone Color Institute компаниясының атқарушы директоры Леатрис Эйземанның айтуынша, бұл түс "жаңа бастама және бәрін жаңадан бастауға деген ұмтылысты білдіреді".
"Қарбалас әлемге тыныштық, айқындық және шығармашылық шабыт әкелетін бейтарап ақ түс", – делінген Pantone мәлімдемесінде.
Реңктің басты ерекшелігі – оның мінсіз колористік бейтараптығы. Бұл жылы немесе салқынға жатпайтын бейтарап түс.
"Бұдан ашық ақ түс оқшаулануды білдіреді", – деп қосты Pantone Color Institute компаниясының вице-президенті Лори Прессман.
Сонымен қатар бұл түс тез өзгеретін әлемде тыныштыққа деген ұжымдық ұмтылысты білдіретінін атап өтті.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через