Қарағандыда цирк әртісі бес метр биіктіктен құлап мертікті

Қарағандыда цирк әртісі бес метр биіктіктен құлап мертікті

фото: kznews.kz

       Қарағандыда цирк қойылымы кезінде жазатайым оқиға болды. Күрделі акробатикалық нөмір орындап жатқан 23 жастағы әртіс шамамен бес метр биіктіктен бетон еденге құлаған. Көрермендердің көз алдында болған оқиғадан кейін ол ауруханаға жеткізілді.

       Жас әртіс неміс циркінің құрамында өнер көрсеткен. Қойылымның соңына қарай ол тепе-теңдігін сақтай алмай, биіктен құлап кеткен. Соққыдан кейін орнынан тұра алмаған оған әріптестері дереу көмекке ұмтылып, жедел жәрдем шақырған.

       Алдын ала мәлімет бойынша, цирк әртісі жамбас сүйектерін сындырған.

       Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен азамат профессор Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жатқызылған.

— Науқас шұғыл травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған, — деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

       Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

      https://kaz.inform.kz/





 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз