Үш перзентінен айырылған боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды

Үш перзентінен айырылған боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды

фото: pixabay.com

Қазақ боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды. Спортшы қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісіп, отбасымен бірге бастан өткерген қиын кезеңдерді де еске алды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz сайтына сілтеме жасап  хабарлап отыр.

Сәкен Бибосыновтың жазуынша, бұл қуанышқа жету отбасы үшін оңай болмаған. Ерлі-зайыпты бұған дейін үш перзентінен айырылып, ауыр қайғыны бастан өткерген.

Кейбір қуаныштың артында ешкім білмейтін қаншама көз жасы, үнсіз түндер мен дұғалар жатады екен. Бұл қуанышқа жеткенге дейін тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады. Ата-ана үшін баласынан айырылудан ауыр қайғы жоқ шығар. Біз де үнсіз жыладық, іштей күйзелдік. Бірақ Алладан үмітімізді үзбедік. Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық, – деп жазды спортшы.

Боксшы бүгінгі қуанышты сәтті отбасы үшін талай сынақтан кейін келген үміт пен бақыт деп сипаттады.

Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей. Алланың қалауымен ұлды болдық! Бүгін құшағымыздағы кішкентай сәби – талай көз жастан кейінгі қуанышымыз, талай сынақтан кейінгі үмітіміз. Оның әрбір тынысы біз үшін баға жетпес бақыт, – деді ол.

Сәкен Бибосынов үш перзентінің орны жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар сәби сүюді армандап жүрген барлық ата-ананың тілегі қабыл болып, әр шаңыраққа бала күлкісі бұйырсын деген тілегін жеткізді.

 

Материал baribar.kz сайтынан алынды. 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз