Заңға бағынбаған жастар айыппұл арқалап жатыр

Заңға бағынбаған жастар айыппұл арқалап жатыр

фото: Сапалы Қазақстан/ ЖИ

Алматыда белгіленбеген орындарда отшашу атып, петарда қолданған тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мамандар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың тәртібін түсіндіріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы ескертіп жатыр. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес, қоғамдық тыныштық пен белгіленген тәртіпті бұза отырып, тыйым салынған орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолданған азаматтарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар пиротехникалық заттар тәркіленеді. Ал құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 30 АЕК-ке дейін өседі.

Айыппұл ауаны ластағаны үшін емес, пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін салынады. 

Алайда отшашулардың экологияға да кері әсері бар. Экологтардың айтуынша, жарылыс кезінде ауаға түтін, күйе және ұсақ зиянды бөлшектер таралады. Әсіресе, желсіз күндері бұл заттар ауада ұзақ сақталып, таралуы қиындайды.

Алдағы уақытта қосымша шектеу енгізу көзделіп отыр. 2027 жылы 8 қаңтарда Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларының азаматтық пиротехниканы шығарындылар деңгейі төмен аймақта (LEZ) пайдалануға тыйым салатын нормасы күшіне енеді.

Дегенмен жаңа норма күшіне енгеннен кейін отшашуға бүкіл қала бойынша бірден тыйым салынбайды. Шектеуді іске асыру үшін әкімдік алдымен LEZ аумағының шекарасын белгілейтін жеке қаулы қабылдауы керек. Содан кейін осы аумақта пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қатысты экологиялық талаптар қолданылады.

«Eco Almaty» мамандары тұрғындарды отшашу мен петарда қолданудан бас тартуға, айналасындағылардың тыныштығын сақтауға және қаланың ауасын ластамауға шақырады.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз