Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды

Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды

фото: https://pixabay.com/

Алматыдағы тұрғын алаптарының бірінде қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды.

Полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркілеп, оның қоқыс арасына қалай түскенін анықтады.

Белгілі болғандай, тіркелген мылтық жеке қоймада сақталған. Оның иесі Астанада тұрады. Ал қойманы оның күйеу баласы сатып жіберген.

"Жаңа қожайындар ғимаратты қоқыстан тазарту кезінде мылтықты да қажетсіз заттармен бірге лақтырып жіберген. Енді осы іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді полиция.

Оның ішінде қаруды тиісті жағдайда сақтауға міндетті иесінің және мылтықтың қоқысқа тасталуына жол берген адамның жауапкершілігі қаралады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз