Астанада автосалон директоры алты адамды алдады

Астанада автосалон директоры алты адамды алдады

фото: https://pixabay.com/

Сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған

Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директоры сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Ол бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөлік сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан.

"Сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған. Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрсету үшін жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған", - дейді прокуратура.

Сотталушының әрекетінен алты адам зардап шегіп, оларға 128 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз