Кәсіпкер сүрленген ет сатамын деп 31 адамды алдаған

Кәсіпкер сүрленген ет сатамын деп 31 адамды алдаған

фото: https://pixabay.com/

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді

Астанада жылқының сүрленген етін арзан бағамен сатуды сылтау етіп, азаматтарды алдаған кәсіпкер сотталды. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады.

Кәсіпкер әлеуметтік желілер арқылы жылқының сүрленген етін арзан бағамен ұсынған. Ол сатып алушылардан алдын ала төлем алып, тауарды жеткізбеген.

"Алаяқтық жасау үшін кәсіпкер бұған дейін орындалған тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған. Ал клиенттерден түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында оның әрекетінен 31 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 1,7 млн теңгеден асқаны анықталды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Келтірілген залалдың өтелгені ескеріліп, оған 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз