Маркетплейс жүргізуді үйретемін деп, 15,6 млн теңгеге алдаған

Маркетплейс жүргізуді үйретемін деп, 15,6 млн теңгеге алдаған

фото: https://pixabay.com/

Ол жәбірленушілерге маркетплейс арқылы тауар сатып алып, кейін қайта сату үшін қаражат салуды ұсынған. Алайда алынған ақшаны уәде етілген мақсатқа жұмсамай, өз қалауынша пайдаланған

Астанада маркетплейс арқылы сауда жасауды үйретуді ұсынған әйел бес азаматтың сеніміне кіріп, олардан жалпы сомасы 15,6 млн теңге алған. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, әйел әлеуметтік желілер арқылы маркетплейс жүргізуді үйрету қызметін ұсынған. Оқыту барысында ол азаматтардың сеніміне кіріп, салған ақшаларын пайдасымен бірге қайтаруға уәде берген.

Ол жәбірленушілерге маркетплейс арқылы тауар сатып алып, кейін қайта сату үшін қаражат салуды ұсынған. Алайда алынған ақшаны уәде етілген мақсатқа жұмсамай, өз қалауынша пайдаланған.

Соның салдарынан бес адамға жалпы сомасы 15,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталғаны ескеріліп, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Прокуратураның ескертуінше, жоғары табысқа кепілдік беру, бизнесті дамытуды ұсыну немесе әлеуметтік желілер арқылы инвестиция салуға үгіттеу алаяқтықтың бір тәсілі болуы мүмкін.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз