Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы не білеміз?

Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы не білеміз?

фото: pexels.com

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады

 Санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.

 Санитариялық-қорғаныш аймағының негізгі мақсаты – тұрғын аумақтарды өндірістік объектілердің қолайсыз әсерінен қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау. Оның мөлшері объектінің қауіптілік сыныбына, өндірістік қуатына, технологиялық ерекшеліктеріне, атмосфералық ауаға шығарындылар көлеміне, сондай-ақ шу, діріл, электромагниттік сәулелену және басқа да физикалық факторлардың деңгейіне байланысты айқындалады.

 Санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген.

 

Спикер - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алпысбайұлы Қасымхан

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз