Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады
Білім беру ұйымдары - мектептер, балабақшалар және күнделікті жүздеген бала келетін басқа да мекемелер. Бұл ұйымдар балалардың күнделікті қарым- қатынасы мен тығыз байланыста болатын ортасы болғандықтан, жұкпалы аурулардың алдын алу ерекше маңызға ие.
Балалардың денсаулығын сақтау - медицина қызметкерлерінің, ұстаздардың, ата-аналардың және білім беру ұйымдары әкімшілігінің ортақ міндеті.
Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету үшін алдын алу іс- шаралар кешенін сақтау қажет:
Жеке бас гигиенасын сақтау, қолды сабынмен үнеимі және дұрыс жуу – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі. Балаларды тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, серуеннен соң және көшеден келген кезде қолдарын жууға дағдыландыру қажет.
Бөлмелерді желдету және температуралық режимді сақтау, оқу кабинеттері мен топтық бөлмелерді үнемі желдетудің маназы зор. Желдету жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, бөлмелерде оңтайлы температуралық режимді және ауаның жеткілікті ылғалдылығын сақтау қажет.
Білім беру ұйымдарының үй-жайларында рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ылғалды тазалау жұмыстары уақтылы жүргізілуі тиіс.
Балалар жиі жанасатын беттерге: есік тұтқаларына, парталарға, үстелдерге, жарық қосқыштарға және санитариялық жабдықтарға ерекше назар аудару қажет.
Балаларды қабылдау кезінде жұкпалы аурулардың белгілеріне дене қызуының көтерілуіне, жөтелге, мұрыннан су ағуына, тамақтың ауырсынуына, бөртпеге және жалпы әлсіздікке назар аудару қажет.
Ауру белгілері анықталған жағдайда баланың басқа балалармен байланысын уақытша шектеп ата-анасына медициналық көмекке жүгіну ұсынылуы тиіс. Ауру белгілері елеусіз болып көрінсе де, науқас баланы мектепке немесе балабақшаға жіберуге болмайды.
Балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптардың сақталуына ерекше көніл бөлінуі қажеті: Атап айтқанда, азық- түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне, тағамдарды дайындау технологиясына және ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауына назар аудару маңызды.
Жұқпалы ауру жағдайлары анықталған кезде кажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында білім беру ұйымының медицина қызметкерлері мен әкімшілігіне уақтылы хабарлау маңызды.
Мақала авторы - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Қалықова Әсел Тоқанқызы.