фото: "Táńirlik kúntizbe" және "Mercury" коллекциялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан "Táńirlik kúntizbe" мен "Күн жүйесінің планеталары" сериясынан "Mercury" коллекциялық күміс монеталары 20 ақпаннан бастап сатылатынын хабарлады.
"Táńirlik kúntizbe" монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.
"Mercury" монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы 35 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через