фото: https://www.istockphoto.com
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ресей мен тағы 74 елдің азаматтарына барлық виза түрлерін беруді уақытша тоқтатады.
Шектеулер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді деп жоспарланған. Fox News арнасының мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті “қоғамға салмақ түсіруі мүмкін” үміткерлердің елге келуін шектеуді көздеп отыр.
“Департамент үміткерлерді тексеру және іріктеу рәсімдерін қайта қарап жатқан кезеңде, консулдық қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес визалар беруден бас тарту тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Ресейден бөлек, тізімге Иран, Бразилия, Ирак, Мысыр, Таиланд, Ауғанстан, Сомали, Йемен және басқа да елдер енгізілген.
Айта кетейік, АҚШ 2025 жылдың желтоқсанында 15 елдің азаматтарына виза беруді шектеген еді. Жартылай шектеулер Ангола, Антигуа мен Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга, Замбия және Зимбабве сияқты елдерге қатысты енгізілді.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через