фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/danielvfung
2025 жылы Қытай халқының саны 3,39 млн адамға азайып, 1,40489 млрд адамды құрады. Бұл мәліметті ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасына сүйене отырып ЭКД telegram-арнасы хабарлады.
Есепті кезеңде елде 7,92 млн сәби дүниеге келіп, 11,31 млн адам қайтыс болды. Жалпы туу коэффициенті 5,63 промилле, ал өлім-жітім көрсеткіші 8,04 промилле болды.
Бір жыл ішінде Қытайдағы ерлер саны 0,3 пайызға азайып, 716,85 млн адамға жетсе, әйелдер саны 0,1 пайызға қысқарып, 688,04 млн адамды құрады.
16 мен 59 жас аралығындағы тұрғындар саны 851,36 млн адам болды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға аз. Ал 65 жастан асқан азаматтар саны 1,5 пайызға өсіп, 223,65 млн адамға жетті.
Айта кетейік, Қытай халқы 2022 жылы соңғы 60 жылда алғаш рет азайып, 850 мың адамға кеміген болатын. Ал 2023 және 2024 жылдары халық саны тиісінше 2,08 млн және 1,39 млн адамға қысқарды.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через