фото: freepik.com
Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға сәйкес, әйелі бірнеше жағдайда күйеуінің үстінен полицияға шағым түсіре алады.
Полицей қызметкері Деннис Фякпуидің Ghana News Agency желілік басылымына мәлімдеуінше, мұндай әрекеттер заң бойынша эмоциялық зорлық-зомбылық ретінде қарастырылады.
«Егер күйеуіңіз сіздің тамағыңызды жеуден бас тартып, көңіліңізді қалдырып, эмоциялық күйзеліске түсірсе, полицияға шағымдана аласыз, сондай-ақ күйеуіңіз жұмыстан кеш қайтып, ренжітсе, арыз түсіре аласыз», – деді ол.
Бұдан бөлек, полицейдің айтуынша, осы заңға сәйкес, ерлі-зайыптылардың бірі жыныстық қатынастан бас тартқан жағдайда да жазаға тартылуы мүмкін. Бұл әйелдерге де, ерлерге де қатысты. Егер кінәсі дәлелденсе, «қылмыскер» екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через