фото: pixabay.com
2024 жылдың желтоқсан айының басында кейбір алматылық жүргізушілер АИ-95 маркалы бензин бағасының күрт өскенін байқаған. NUR.KZ тілшілері мегаполистегі кейбір жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бензин құнын бақылап көрді.
10 желтоқсанда Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бес түрлі желісінде 95 маркалы бензиннің бағасы қаладағы орташа құнынан жоғары болды, қараша айының соңында бензин құны 261 теңге болатын. Бұл орташа көрсеткіш 2023 жылдың қазан айынан бастап 14 ай қатарынан сақталды.
Бірақ 2024 жылдың желтоқсан айында жағдай өзгерді. 2024 жылдың желтоқсан айының басында баға айтарлықтай өсіп, Алматыда АИ-95 маркалы бензиннің орташа құны 271 теңгеге дейін күрт көтерілді. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
10 желтоқсаннан кейін де бензин бағасында күрт өзгерістер байқалды. Royal Petrol жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-95 маркалы бензиннің құны 2025 жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша 270 теңгені, Qazaq Oil-да 271 теңгені, Газпромнефтьте 277 теңгені, Helios-те (Prime 95) 278 теңгені құрады.
Фото pixabay.com.
Желтоқсан айында 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда Алматыда Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша АИ-98 маркалы бензиннің орташа құны тиісінше 303 теңгеден 312 теңгеге дейін көтерілді. Оның үстіне күрт өсім айдың басында да болған сыңайлы, себебі біз зерттеген жанармай құю бекеттеріндегі баға 10 желтоқсаннан бері өзгерген жоқ.
Royal Petrol желісінде әзірге бензиннің литрі 340 теңге, Qazaq Oil 297 теңгеден сатып отыр. 13 қаңтарда тілшілер Helios жанармай құю бекеттерінің бірінде 98 маркалы бензиннің құны 307 теңге тұратынын байқады, бұл қалалық орташа көрсеткіштен төмен.
Ал Алматыдағы осы желілердің барлық жанармай құю бекетінде мемлекет реттеуіне алынған АИ-92 маркасының литрі 205 теңгеден сатылып жатыр. Басқа маркалардың бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, сондықтан 95 және 98 маркалы бензинді пайдаланатын қазақстандықтар олардың бағасының шарықтап кеткенін ара-тұра байқап жүр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через