Туыстар мен достар арасында ақша аударымдарына салық салынбайды

Туыстар мен достар арасында ақша аударымдарына салық салынбайды

фото: pixabay.com

Қазақстанда туыстар мен достардан немесе сыйлық ретінде алынған ақшаға салық салынбайды. Бірақ ақшаның қандай мақсатта аударылғаны тексеріледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қандай жағдайда ақша аударымдарына салық салынбайтынын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының сарапшысы Данагүл Сағынбек түсіндірді, деп жазды .

Маманның айтуынша, ең алдымен ақшаның қандай мақсатта аударылғаны ескеріледі. Егер қаражат жеке қажеттілік үшін берілсе, ол салық салынатын табыс ретінде есептелмейді.

— Туыстар арасында жеке мақсатта жасалған ақша аударымдарына салық салынбайды. Дәл осындай тәртіп достардан немесе сыйлық ретінде алынған қаражатқа да қолданылады. Осылайша, ақша жеке қажеттілік үшін аударылса, одан жеке табыс салығын төлеу талап етілмейді, — деді Данагүл Сағынбек.

Сарапшы мобильді аударымдарға қатысты хабарлама алған азаматтардың салық органдарына баруы қажет пе деген сұраққа да жауап берді.

— Ақпараттық push-хабарламаға жауап берудің немесе салық органына арнайы барудың қажеті жоқ. Ал камералдық бақылау нәтижесінде хабарлама келсе, азамат салық есептілігін тапсыруы тиіс. Егер анықталған сәйкессіздіктермен келіспесе, түсініктеме бере алады. Мұның барлығын салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жасауға болады, — деп қосты ол.

Картаға ақша түссе, салық төлейсіз бе: мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі енгізілді

 8 қарашадан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылау талаптары өзгерді. Енді азаматтың жеке шотына үш ай ішінде кемінде 100 адамнан жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асатын аударым түссе, бұл туралы ақпарат салық органдарына беріледі.

мобильные переводы

 Коллаж: Kazinform

Жаңа тәртіпті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының сарапшысы Данагүл Сағынбек түсіндірді.

Оның айтуынша, өзгерістер Қаржы министрінің № 718 бұйрығында қарастырылған. Жаңа талап кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банк шоттарына қатысты. Егер азаматтың шотына қатарынан үш ай бойы 100 немесе одан да көп адамнан ақша түсіп, аударымдардың жалпы сомасы 360 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асса, банк бұл туралы салық органдарына мәлімет береді.

— Бұған дейін салық органдарының бақылауына жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар ілінетін. Енді бұл шек 1 миллион 557 мың теңгеге дейін көтерілді, яғни жаңа талап бойынша аударымдардың жалпы сомасы осы мөлшерден асуы тиіс, — деп түсіндірді Данагүл Сағынбек.

Маманның түсіндіруінше, аталған үш талаптың барлығы бір мезгілде орындалуы тиіс, яғни аударымдар қатарынан үш ай ішінде кемінде 100 түрлі адамнан түсіп, олардың жалпы сомасы белгіленген шектен асқан жағдайда ғана екінші деңгейлі банктер тиісті ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

 

Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз