Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды

Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды
фото: https://pixabay.com/ru/

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша жерасты цехының қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңгені құрады.

Белгілі болғандай, жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған.

ҚазАқпарат