Астанада екі кәсіпкер құжатсыз ет сатқан

Астанада екі кәсіпкер құжатсыз ет сатқан
фото: https://pixabay.com/ru/

Өнімде құжаттар да, ветеринарлық белгілер де жоқ

Астанада ет өнімдерін сататын екі заңсыз кәсіпорын анықталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер жерасты сою цехы үшін үй-жайды жалға алған.

"Онда күн сайын ақшалай төлем алатын алты адам заңсыз жұмыс істеген. Күмәнді еттің құжаты да болмаған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған", - дейді ведомство.

Дәл осындай тірлікпен айналысқан тағы бір адам анықталды.

"Қаланың жергілікті тұрғыны өз үйінің ауласында заңсыз ет саудасын ұйымдастырған. Өнімде құжаттар да, ветеринарлық белгілер де жоқ", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама жасалып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

ҚазАқпарат