Әлемдік деңгейдегі әдебиет жазуға ұмтылуымыз керек. Амангелді Мырзабек

Әлемдік деңгейдегі әдебиет жазуға ұмтылуымыз керек. Амангелді Мырзабек
фото: pixabay.com

Шерхан Мұртазаның жазып қалдырған тамаша бір сөзі бар. "Адамның жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады" дейді. Расында кітаптың адам баласына берер пайдасы мол. Жақсы кітап оқырманды ойландырады, әрбір жағдайды талдау және болжауға үйретеді. Ал мұндай қабілеттің уайым-қайғыны жеңуге, кенеттен киліккен қиын мәселені шешуге көмектесетіні сөзсіз.

Бүгінгі  таңда үлкен буын кітап оқи ма? Жастар неліктен қолына кітаптан көрі телефонды көбірек алады? Әлде ел іздеп жүріп оқитын қызықты кітаптар жоқ па? Сапалы туындылармен, талантты авторлармен қалайтанысуға болады?

"Сапалы Қазақстан" ақпараттық-сараптама порталының «Өзекті мәселе» айдарында елімізге танымал әдеби сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Мырзабек жаңа кітаптар мен олардың сапасы, еліміздегі кітап нарығы, авторлардың қаламақысы және басқа да өзекті мәселелеге қатысты жеке ойымен бөліскен еді.