Алматы облысында чипсы шығаратын зауыт іске қосылады

Алматы облысында чипсы шығаратын зауыт іске қосылады
фото: © Photo : CC0 / Werner Weisser

PepsiСo компаниясы үшін Қарағанды облысында алғаш рет чипс картопы өсірілді

PepsiСo 2026 жылы Алматы облысында Lay 's чипсы шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Осы компания үшін алғаш рет Қарағанды облысында картоп өсірілді.

Осакаров ауданының Ақпан ауылындағы "Найдоровское" ЖШС PepsiCo-мен ынтымақтастық орнатқан. Шаруашылық 80 га учаскеде арнайы сұрыпты картоп өсірді және шамамен 1,5-2 мың тонна чипсы картобын жинауды жоспарлап отыр.

"Барлық өнім сынақ режимінде өңдеуге жіберіледі. 2025 жылы да өнім осындай көлемде болады, ал Алматы облысында зауыт ашылғаннан кейін көлемі ұлғайтылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

PepsiCo көшет материалын ұсынып қана қоймайды, өсірілген картопты сатып алады, сонымен қатар суару, өсімдіктерді қорғау және өнеркәсіптік өңдеу үшін картоп өсірудің басқа технологиялары бойынша кеңес беру арқылы заманауи егіншілік технологияларын енгізуге көмектеседі.

"Найдоровское" ЖШС 25 жыл бойы дәнді, майлы, бұршақ дақылдарын өсіруге маманданған. Соңғы 10 жыл бойы картоппен айналысады.

Осы кезеңде картоп алқаптары 70-тен 480 гектарға дейін, өндіріс жылына 20 мың тоннаға дейін өсті. Картоп қоймаларын кеңейту және картоп көлемін 50 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.

ҚазАқпарат