фото: pexels.com
Білім алуға ештеңе кедергі болмауы тиіс!
Жоғары оқу орындарында жасы ұлғайған адамдарға арналған арнайы бағдарламалар бойынша онлайн оқытудың қандай мүмкіндіктері бар?
Есейген шақта білім алған кеш деп ойлап келген едім. Алайда, олай емес екен. Сіз кез-келген жаста оқып, дами аласыз.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?, деп Абай жастарды дер кезінде білім алуға шақырған еді.
Бірақ қазір Абай туып-өскен кешегі заман емес. Оқимын, білемін деген адамға жол ашық, мүкіндіктер көп.
Біріншіден, заманауи технологиялар үйден шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік береді. Қазір көптеген онлайн курстар мен білім беру платформалары бар (жеке сабақтарға қатысуға мүмкіндігі жоқ), онда сіз қызықтырған бағытты таңдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласыз.
Екіншіден, бүгінде кейбір жоғары оқу орындары ересек азаматтарды - зейнеткерлерді және 50-55 жастан асқан адамдарды оқытумен айналысады. Олар үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген. Бұл жаңа білім алуға ғана емес, пікірлес адамдарды табуға да тамаша мүмкіндік.
Үшіншіден, жетілу кезінде білім алу өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа білім, диплом адамның еңбек нарығында, тіпті құрметті жаста да бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Оқу процесінде жастармен қарым-қатынас жақсы көңіл-күйде болуға көмектеседі. Әрине, ересек жаста үйрену оңай емес.
Жас ұлғайған сайын ақпаратты қабылдау жылдамдығы мен есте сақтау қабілеті төмендейтіні белгілі. Сондықтан материалды жақсы игеру үшін көп уақыт пен күш қажет. Егер адам ұзақ уақыт оқудан қол үзіп қалса, оған студенттік өмір ағымына оралу, ілесіп кету оңай болмайды. Алайда, бұл қиындықтарды жігер және дұрыс мотивация арқылы жеңуге болады.
Фото pexels.com.
Егер оқуға бел бусаңыз, мыналарды ескеріңіз:
Біріншіден, дұрыс оқыту форматын таңдаған жөн. Мысалы, маған онлайн курстар ұнайды, олар оқу уақытын жоспарлауда көбірек еркіндік береді.
Екіншіден, материалды блоктарға бөліп, өткенді үнемі қайталап отыру маңызды.
Үшіншісі, мен өмірде бірден қолдануға болатын тәжірибеге бағытталған пәндерді оқығанды ұнатамын. Бұл мотивацияны арттырады!
Есейген шақта оқу өзін-өзі дамыту мен мақсатқа жетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл сіздің арманыңызды жүзеге асыру немесе қызмет аясын өзгерту жолындағы мүмкіндік. Ең бастысы-қиындықтардан қорықпау және өз күшіңізге сену керек. Түсінген жанға оқу қуаныш сезімін оятуға, өзін-өзі мақтан тұтуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға қабілетті.
Есейген шақта қандай мамандықтарды игерген дұрыс
Бүгінгі таңда психологиялық және педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған оңтайлы. Адамдар өздерін қарым-қатынас жасауға және басқаларға көмектесуге байланысты кәсіпті меңгергісі келеді. Сонымен қатар, өмірлік тәжірибе психолог немесе жаттықтырушы ретінде жұмыс істеу үшін үлкен плюс екенін ұмытпаған жөн.
Шығармашылық мамандықтар.
Журналистика, дизайн, фотосурет. Мұнда да адамның жеке талғамы, даралығы, ерекше тәжірибесі үлкен рөл атқарады.
Есіңізде болсын, бүгінде ересек жаста білім алу және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері шексіз. Ең бастысы- жылдар бойыс қалыптасқан стереотиптен, комплекстерден арылып, көптен ойда жүрген арманыңызға қол жеткізу үшін алғашқы қадам жасау.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через