
фото: Әсел Ибадулланың жеке архивінен
Nazarbayev University мен Йель университетінің түлегі Әсел Ибадулла әлемнің үздік университеттерінің бірі Стэнфордта докторантураға түсті.
Әсел NU-да биология ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал Йельдегі магистр дәрежесі кезінде ол Йель медицина мектебіндегі ERIC (Зерттеу және инновациялар орталығында) зерттеуші-интерн және SalivaDirect (COVID-19 ауруын ерте анықтау және диагностикалау орталығы) қызметкері болып жұмыс істеді.
Әсел медицина саласындағы оқуын және ғылыми тәжірибесін жалғастырып, докторантураға толық грантқа қабылданды. «Менің негізгі мақсатым – Қазақстанға жұқпалы емес аурулар мен психикалық бұзылуларға қарсы тиімді шаралар мен алдын алу шараларын қалыптастыруға көмектесу. Сондықтан студенттік жылдарыңызды талпынуға, өзіңізді тану мен тұлға болып өсуіне арнаңыз», — деп түйіндейді Әсел Ибадулла.
Мақала "Жастар жанары" сайтынан алынып өңделді
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через