Универсиада-2023: Қазақстан үшінші "алтынға" ие болды

Универсиада-2023: Қазақстан үшінші "алтынға" ие болды

Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 2023 жылғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды.

Сонымен бірге Александр Мухин қола медаль жеңіп алды.

Қазір Қазақстанда 3 алтын және 1 қола медаль бар, еліміз медальдық есепте 3-орынға көтерілді.

Жапония 14 алтын, 9 күміс және 3 қола медальмен көш бастап тұр. Екінші орында Финляндия - 3 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіруден Данил Васильев чемпион атанған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: kaz.zakon.kzkohuku.ru