Түркиядағы турнирде Бэлла Самашева алтын алды

Түркиядағы турнирде Бэлла Самашева алтын алды
фото: Спортты дамыту дирекциясы/inform.kz

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде Бэлла Самашева каратэден Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Антальядағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирінде Бэлла Самашева жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлады kaz.inform.kz.

Финалда ол италиялық Лалло Виолланы кездесіп, қарсыласын қапы қалдырды.

Қазақстандық каратэші жарыста іріктеу кезеңінде Брунори Вероника (Италия), Матильда Розенлинд (Швеция), Гульсен Демиртурк (Түркия), ширек финалда Ахлам Юсеф (Мысыр елі), ал жартылай финалда Сирия Манчинеллиді жеңді.