Сапа менеджменті бойынша Қазақстанға әлемдік тәжірибе қажет
- 15 ақпан 2022
- 70
- 0
Профессор Азат Әбдірақманов, SapalyKazakhstan/QualityKazakhstan порталының бас редакторы, Халықаралық сапа академиясының академигі (IAQ, АҚШ), менеджмент жүйесінің халықаралық аудиторы (AFNOR, Франция), Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының сарапшылар тобының мүшесі, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Үкіметі жанындағы Халықаралық қазылар алқасының мүшесі, Азиялық сапа желісі басқармасының мүшесі ( ANQ)
Біз еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері тауарға болмаса қызметтерге қатысты «сапа» сөзін күнделікті естіп жүрміз. Мен өнім өндіруде немесе қызмет көрсетуде сапаны қамтамасыз етудің маңыздылығын ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ екеніне сенімдімін.
Ендеше Қазақстандық кез-келген өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші белгілі халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде өзі қабылдаған сапа бағдарламаларын қатаң сақтайды деп есептей аламыз ба? Сену қиын әрине, өйткені оған бірнеше себептер бар.
Бұрынғы кезеңнің салдары. Айталық, өнеркәсіп өндірісіндегі сапаның рөлін түсінбеудің негізгі себептерінің бірі – кеңестік кезеңде экономиканың кез-келген саласында тауар тапшылығының болғандығы. Сол себепті өнім өндірушілер товар сапасына айтарлықтай алаңдамады, себебі кез-келген өнім жылдам сатылып кететін. Тек зауыт ақауы анықталған жағдайда ғана өнімді кепілдік талонына сәйкес ауыстыруға немесе жөндеуге болатын. Сол себептен кеңестік кезеңде өнімнің және қызметтердің сапасы жайындаға айтылатын мәлімдемелер жиі шындыққа жанаспайтын. Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдан бергі біраз уақытта бұл жағдай сақталып тұрды, себебі отандық өнім көлемі күрт төмедеп кетті, сонымен қатар тауар сапасы сын көтермеді. Кейбір салаларда бұл жағдай бүгінгі таңда да байқалады
Нақты нарықтың жоқтығы. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық дамуының жаңа кезеңі басталды.Бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар жаппай жекешелендіріліп, меншік иесі пайда болды.Бұл өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласындағы жағдайды түбегейлі өзгертті.
Алайда, жағдай оңай болған жоқ, өйткені ескі өндіріс орындары түбегейлі жаңғыртуды қажет етті, бұл үшін қомақты қаражат қажет болды. Ал жаңа қожайындар жекешелендіріп алған кәсіпорындарын қайта жабдықтауға асықпай оңай жолмен табыс табуды көздеді.Табысын ұлғайту жолында ел экономикасына қажетті тауарларды шетелден тасып сатты. Бұл кезде жұмыс бұрынғы жүйемен қайталанды: қаржылық ресурстар (несие) әділетті жолмен бөлінбеді, Қазақстандық банутердің берілген қаражаты кез келген кәсіпкердің қолына тие бермеді, сыбайлас жемқорлыққа жол ашылды. Шетелден тасымалдаған өнімдерін бірнеше есе артық бағамен сатып пайдаға шаш етектен кенелгендер миллионер болып шыға келді. Тауар импорттаушылар сапа мәселесіне айтарлықтай мән бермеді. Кәсіпорындарды жеңіл жолмен жекешелендіріп алған кәсіпкерлер талан-таражға салды.
Мемлекеттік сатып алудың ашық еместігі.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдауға бастамашы болды.Бюджет қаражаты есебінен қажетті тауарлар мен қызметтерді барынша оңтайлы шарттарда жеткізу мемлекеттік сатып алудың негізгі мақсаты болып табылады.Өкінішке орай, бұл саладағы тәжірибе дұрыс жолға қойылмады.тауарлар мен қызметтерді жеткізу үшін ең тиімді шарттары бар мықты деген жеткізушіні таңдаудың орнына, тамыр-таныстыққа жол берілді. Демек, бірінші кезекте мемлекеттік сатып алуға қол жеткізу үшін тауардың жоғары сапасын және ерекшеліктерін дәлелдеу орнына кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырушымен байланыс арналарын табу, оның көңілінен шығу ниеті көп жағдайда бірінші орында тұрды. Егер мұндай тәсіл сәтті болса, барлық бәсекелестік талаптар жеткізушінің ыңғайына бейімделеді. Осы жағдайда сапа мәселесі артқы қатарда қалды.
Ұйым басшыларының сапа концепциясын түсінбеуі. Жоғарыда аталған факторларға кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының сапа менеджментінің заманауи тұжырымдамаларын іс жүзінде түсінбеушілігі қосылады. Олардың көпшілігі талаптарға сәйкес өндірістік ғимараттарды салуға, шетелден әкелінетін құрал-жабдықтарды алуға, жаңа технологияларды енгізуге, өндірісті автоматтандыруға назар аударады. Сонымен қатар, сапа менеджменті саласындағы кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілік мәселелері көлеңкеде қалып тұр. Бұл ұйымдардың басшылары өндіріс мәселелерімен өздері тікелей айналысады, ал қазіргі заманғы интеграцияланған басқару жүйесін құру мәселелері олардың назарынан тыс қалады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, осы менеджмент жүйелерінің ішінде сапа менеджменті (бұдан әрі – СМЖ) орталық буын болып табылады, өйткені ол үздіксіз жетілдіруге бағытталған және ұйымды басқарудың жаңа тәсілдерін қамтиды. Басқарудың дәстүрлі функционалдық жолдарыныңжәне директивалық әдістердің орнына өзара байланысты бизнес-процестерді пайдалануға негізделген менеджмент жүйесі. Осы кездеСМЖ құрылғанда процесстік тәсіл пайда болады.
Қорытынды.
Әрине, Қазақстан Республикасы экономикасының сапалы дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторларды тізбелеуге болар еді, алайда біздің мақсатымыз бұл емес.Біз қазіргі жағдайды жете түсіне отырып өткен тәжірибелерден жақсырақ үйрену арқылы жақын болашақта ілгерілеу үшін қадамдарды белгілеуіміз керек.
Елімізде болып жатқан соңғы оқиғалар тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде қалыптасқан дәстүрдің жалғасын таба алмайтынын көрсетеді.Қазақстанда саяси және экономикалық реформалардың нақты алғы шарттары пісіп жетілді.Елді және экономиканы басқарудың ұсқынсыз формалары өткен шақпен қалуы керек, Үкіметтің, мемлекеттік ұйымдардың ұлттық экономиканы дамытуға, инвестициялық саясатқа, отандық өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуқажет.
Осы мақсатта мемлекеттік ұйымдар мен жеке бизнес тәуелсіздіктің 30 жылында еленбей келген озық әлемдік тәжірибеге жүгінуі тиіс.Үздік әлемдік тәжірибені енгізу үшін Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының (бұдан әрі – ҚСИМҰ) халықаралық ынтымақтастықта 20 жылдық тәжірибесі бар.Өткен кезеңде біздің қауымдастық мұнай-газ, металлургия, машина жасау, телекоммуникация, құрылыс индустриясы, сондай-ақ қаржы және банк секторы, білім беру және медициналық ұйымдардың қазақстандық кәсіпорындарының 500-ден астам басшыларымен, аға менеджерлерінің сапа менеджменті бойынша үздік тәжірибемен танысу мақсатында Жапонияға, Қытайға, Сингапур, Гонконг, Италия және Франция ғасапар ұйымдастырды.
Біздің штаттағы кеңесші қызметкерлер, бизнес-тренерлер мен халықаралық деңгейдегі аудиторлар табысты жұмыс істеуде.Сарапшылар басқа мемлекеттердің үкіметтік және сараптамалық ұйымдарының шақыруы бойынша сол елдердің мемлекеттік ұйымдар мен бизнес құрылымдарының жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық сарапшылық топтардың жұмысына қатысады.
Мен, мемлекетіміздің экономикасын, ғылым-білімін,, денсаулық сақтауды, қоғамдық-саяси өмірдің дамуына лайықты үлес қосуды қалайтын, Ұлттық сапа идеясын қабылдап, отандық өнімнің беделін көтеру бойынша ұсыныстарымызбен бөлісетін барлық көшбасшыларды ынтымақтастыққа шақырамын.
«SapalyKazakhstan/QualityKazakhstan» интернет-порталы (http://www.standard.kz) қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, мамандарын сондай-ақ БАҚ журналистерін ынтымақтастық байланысқа шақырады.
Порталдың миссиясы: сапа туралы білімді бүкіл мемлекет пен қоғамның ілгерілеуіне әкелетін жан-жақты категория ретінде жеткізу;
Порталдың стратегиясы: қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу;
Порталдың мақсаты:
- адам қызметінің әртүрлі салаларындағы озық халықаралық тәжірибені зерттеу;
-Қазақстан Республикасында экономика мен әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында үздік әлемдік тәжірибені қолдануға жәрдемдесу.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через