Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің тізгінін қолға алды

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің тізгінін қолға алды
фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық олимпиада комитетінің тізгінін  Геннадий Головкин қолға алды. Бұған дейін бұл лауазымды белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаев атқарып келген.
Астанада өткен Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс отырысында 34 қатысушы Головкиннің кандидатурасын қолдады. Екеуі ғана қалыс қалыпты.

 Көпшілік алдында сөз алған кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы «әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеймін» деді. Өзін «саясаткер де, шенеунік те емеспін» деген ол осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесін елінің спортын дамытуға пайдаланбақшы. 

Спорт әлемінде GGG лақап атымен танымал болған Геннадий Головкин — шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай ерекше ұрыс мәнерімен танылған спортшы. Ол спорттық тарихында тек Канелоға ғана есеп жіберген. Енді Головкин Ұлттық олимпиада комитетін төрт жыл басқарады.

Дереккөз ktk.kz.