Футболдан Қазақстан құрамасы Англиямен ойнайды

Футболдан Қазақстан құрамасы Англиямен ойнайды

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңілісінен кейін де турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

 Аталған топта турнир кестесінде бірінші орын Қазақстанға бұйырса, одан кейінгі орындарда Әзербайжан, Словакия, Беларусь құрамалары орналасты. Осылайша қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Енді ел құрамасы алдағы маусымда В дивизионында Англия, Украина, Ирландия, Норвегия, Словения және өзге де құрамалармен ойнайды.

Ел құрамасы бұған дейін UEFA Ұлттар лигасы турниріне екі мәрте қатысты. Биыл аталған турнирдегі үздік көрсеткішіне қол жеткізді.

Фото: orda.kz