Азия чемпионы атанған боксшы қыздар қазақстандықтарға алғыс айтты

Азия чемпионы атанған боксшы қыздар қазақстандықтарға алғыс айтты

 Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанған Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан өз жеңістеріне қатысты пікір білдірді.

Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатыр. Онда ел құрамасынан 70 келі салмақтағы Жасмин Қизатова мен 81 келі санатындағы Гүлсая Ержан чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ж.Қизатова финалда өзбекстандық Азиза Зокировадан басым түсті. Ал Г.Ержан таиландтық Пурннипа Чутиді жеңді.

«Жеңісімді Қазақстанға арнаймын. Қазақстандықтардың қолдауына үлкен рақмет айтамын», - деді Жасмин Қизатова.

«Барлық қарсыласымның дайындығы жоғары болды. Финалда таиланд боксшысымен кездестім, жекпе-жек өте қиын болды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін», - деді Гүлсая Ержан.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: smi24.kzprosports.kz