Australian Open-2023: Елена Рыбакина 669 мың доллар табыс тапты

Australian Open-2023: Елена Рыбакина 669 мың доллар табыс тапты

Australian Open жарысында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қазірдің өзінде 958 625 Аустралия доллары (669 мың АҚШ доллары) көлемінде табыс тапты.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші жекелей сында жартылай финалға шыққаны үшін 925 мың Аустралия долларын ($646 000) алатын болады.

Сонымен қатар Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сында 1/8 финалға дейін жетті. Бұдан екеуіне 67 250 Аустралия доллары ($47 000) тиеді.

Осылайша, қазіргі кезде Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі тапқан табысы 958 625 Аустралия долларына жетіп отыр. Теңгеге шаққанда, 309,9 млн теңге.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының жүлде қоры 76,5 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл осы доданың рекордтық көрсеткіші болып саналады.

Дереккөз  ҚазАқпарат. Фото: halyq-uni.kz