Алматыда бокс кеші өтеді

Алматыда бокс кеші өтеді
фото: ашық көздерден

2024 жылы 26 қаңтар күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында белгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті қазақ елі! 2024 жылы 26 қаңтар күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Руслан Мырсатаев бастаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері халықаралық кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады. 

Qazaq Promotion компаниясы 2016 жылдан бастап бокс кештерін өткізіп жүр. Бокс әлеміне біздің ұжым Жәнібек Әлімханұлы, Айдос Ербосынұлы, Али Ахметов сияқты боксшыларды танытты. Осыдан кейін Qazaq Promotion компаниясы жиі бокс кештерін ұйымдастыруға бел буып отыр.

Қанат Исламның айтуынша, әр облыста 10 мыңнан астам боксшы бокс секцияларына барады. Біздің мақсатымыз – халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастыра отырып, жастардың спортқа қызығушылығын тудыру және бокс кеші арқылы қазақ батырларын әлемдік кәсіпқой шаршы алаңына таныту. 

Менің мақсатым артымнан ерген жастарға қолымнан келгенше көмектескім келеді. Бұл - менің жұмысым, міндетім. Осы жарысты ұйымдастыруға демеуші болуға дайын азаматтар, компаниялар болса, бірге жұмыс істеуге дайынбыз», - деп жазды ол.

Дереккөз ҚазАқпарат.