фото: pixabay.com
Қазақстанның «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар Лигасының негізгі топтық кезеңінде атағы жер жарып тұрған бірқатар командаға қарсы ойнайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас-аяғы 8 матч өткізеді. Оның төртеуін үйде, яғни «Қайрат» өз алаңында қабылдаса, қалғаны түзде: сырт алаңда болады. Алматы – биылғы маусымда Чемпиондар лигасының ойындары өтетін ең шығыс шаһар. Сондықтан шетелдік клубтар елге келу үшін кемі 7 сағат жұмсайды.
Мәселен, испаниялық «Реал Мадрид» футбол командасы шамамен 10 сағат 50 минутта ұшып келсе, бельгиялық «Клаб Брюгге» 9 сағатта жетеді.
Ал Грекия астанасы атынан шығатын афиналық «Олимпиакос» бұл сапарға 8 сағатын жұмсайды.
«Пафос» командасы Кипр астанасы Никосиядан ұшса, Алматыға жобалап 8 сағатта жетеді.
Айта кетсек, алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісінен кейін, Қазақстанның УЕФА рейтингідегі көрсеткіші жақсарды. Бұған дейін 39-шы орында тұрса, енді бірден бес сатыға көтеріліп, 34-ші орынға табан тіреді. Осылайша, Қазақстан Армения, Латвия, Финляндия, Косово және Босния мен Герцеговинадан алға шықты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через