фото: freepik.com
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де сатылымға шығады, деп хабарлады qazaqstan.tv.
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өз алаңында өтетін матчтарға билет сату тәртібін жариялады.
Билет құны УЕФА-мен келісіліп, 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін саудаланады.
Бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.
Сондай-ақ клуб өкілдері желіде билеттің алдын ала сатылымы туралы жалған ақпарат таралып жатқанын ескертіп, жанкүйерлерді сақ болуға шақырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через