фото: olympic.kz
Еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында 125 келіде сынға түскен Едіге Қасымбек Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлады inbusiness.kz.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.
Сондай-ақ 74 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Құл-Ғайып Досжан мен 97 кг салмақ дәрежесінде күрескен Дурсунов Самир қола медаль иегері атанды.
Досжан жекпе-жектің соңғы сәтінде жеңісті жұлып әкетті – есепте 2:3 болып тұрған кезде ол 4 ұпайлық әдіс жасап, қорытындысында 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ал Самир небәрі 80 секундта үндістандық Вишалды жамбасқа салып, таза жеңіске қол жеткізді.
Тағы бір балуанымыз Камиль Кургулиев әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через