Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты

Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты
фото: ҚТФ https://kaz.inform.kz/news/

       Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды.

       Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бозбалалар арасында қазақстандық Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 1:6, 6:3 есебімен ұтты.

       Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы.

       Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский — Никита Клетцовты қапы қалдырды — 4:6, 6:3, 10:4.

       Қыздар арасында шымкенттік Сабина Шухратова финалда ғана қырғызстандық Сабина Хаибрахмановаға есе жіберді — 2:6, 1:6. Ал жұптық сында қазақстандықтар Сафина Сафиуллина — Яна Штода тартысты матчта ресейліктер Софья Бахарева — Софья Шарипованы жеңді — 6:7 (1:7), 7:6 (7:5), 10:4.

       https://kaz.inform.kz/