Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды

Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс алды
фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде беделді жарыста Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс алды, деп хабарлады kaz.inform.kz.

Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова ел намысын қорғады.

Айта кетсек, аралас командалық жарысқа барлығы 13 құрама қатысты.