Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды
фото: https://www.nur.kz/

       Қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

       Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалға дейін іркілмей жетті.

       Соңғы бәсекеде Зарина әлемдік рейтингіде 446-орында тұрған италиялық Дилетта Керубинимен чемпиондық атақ үшін кортқа шықты.

       Бірінші партияда З.Дияс 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді — 6:1.

       Екінші сет брейк алмасумен басталды. Есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасап, өз геймін де алды — 5:3. Алайда Керубини таразы басын теңестіріп, тай-брейкте сәтті ойнады — 7:6 (7:4).

        Үшінші, шешуші партияда Зарина айқын басымдылық көрсетті — 6:1.

        Тартысты өткен матч екі сағатқа созылды.

        Бұл — жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа 2024 жылы оралған З.Диястың содан бергі ITF додаларындағы үшінші трофейі.

        Бұдан бұрын Александр Бубликтің Германиядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

        Сондай-ақ Анна Данилина Ноттингем турнирінің бас жүлдесіне таласады.

        Александр Бублик екінші рет Галле турнирінің финалына шықты.

        https://kaz.inform.kz/