
фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.
Данилина бұл жарыста жұптық сында чехиялық Мари Боузковамен бірге өнер көрсетуде.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта олар жапониялық Мию Като мен испаниялық Кристина Букшаның жұбын жеңді.
Кездесу 7:5, 7:6 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж және Сонай Карталмен кездеседі.
https://turkystan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через