Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншысына бір-бір автокөліктің кілті табысталды

Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншысына бір-бір автокөліктің кілті табысталды
фото: pixabay.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің финалдық ойынында Өзбекстан құрамасы Катарды (3:0) жеңді, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

 Кездесуден кейін ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Тимур Кападзе журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазды Zamin.uz сайты.

 - Біз үш және төрт адамдық қорғаныс схемалары бойынша көп жұмыс атқардық. Бүгін ойыншылар қарсыласқа бірде-бір мүмкіндік бермей, ойынды бақылауда ұстады. Ойыншылардың дені сау және жақсы формада болса, біз әртүрлі тактикалық үлгілерді қолданамыз. Ротациялар да болады, – деді Кападзе.

 Айта кетейік, бұл матчтың нәтижесі Өзбекстанның іріктеу тобындағы 1-ші позициясына әсер еткен жоқ. Өткен аптада Тимур Кападзе бастаған команда сыртта БАӘ командасымен тең ойнады (0:0). Бұл нәтиже командаға 18 ұпай және әлем чемпионатына ерте жолдама берді.

Айта кетсек, Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншысы мен бапкерлік штаб мүшелеріне Қатармен өткен матчтан кейін бір-бір автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлады "Қазақстан" ұлттық арнасы.

Бұл сыйлық 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына жолдама алып, тарихи жетістікке қол жеткізген команданың құрметіне арналды. Азия аймақтық іріктеу кезеңінің 10-турында Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, топтағы көшбасшы атанды. Осылайша команда 21 ұпай жинап, 1-орынға көтерілді. Енді олар 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін Әлем чемпионатына қатысады.