Еуропадағы ең үздік бокс турниріне баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Еуропадағы ең үздік бокс турниріне баратын Қазақстан құрамасы анықталды
фото: sports.kz

Эйндховендегі (Нидерланды) Eindhoven Box Cup халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлады «Сапалы Қазақстан» порталы.

 Турнир 6-9 маусым аралығында өтеді, оған 30-ға жуық елден 200-ден астам спортшы, соның ішінде көптеген Олимпиада қатысушылары, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады, деп жазады Sports.kz.

 ҚҚБ мәліметінше, қазақстандық боксшылар Эйндховенге келесі құраммен барады:

 50 кг: Даниял Сәбит;

55 кг: Махмұт Сабырхан;

60 кг: Ерхан Тұрдан;

65 кг: Ертұған Зейнуллинов;

70 кг: Абылайхан Жүсіпов;

75 кг: Сабыржан Аққалықов;

80 кг: Ерасыл Жақпеков;

85 кг: Дәулет Тілемісов;

90 кг: Сағындық Тоғамбай;

+ 90 кг: Нұрлан Сапарбай.