
фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» және Чехияның «Виктория» (Пльзень) футбол клубтары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.
Рикардо Виана Фильо — Бразилияның Сан-Паулу штатынан шыққан, осы аттас клубтың түлегі. Кәсіби мансабын «Гремиода» бастаған, кейін «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) және «Маритиму» (Португалия) клубтарында ойнады.
2023 жылдың басында болгариялық «Левскиге» ауысып, команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол 56 матчта 20 гол және 8 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы жазда чехиялық «Виктория» Пльзеньмен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.
2025 жылдың алғашқы жартысында израильдік «Маккаби» Хайфада 11 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через