Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
фото: ҚР Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sputnnik Қазақстан.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың финалында италиялық Асунта Скуттомен белдесті. Италия өкілі иппон әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Әбужақынова әлем чемпионатында Қазақстан үшін тарихи күміс медалді жеңіп алды.

Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұған дейін ол әлем біріншілігінде екі мәрте қола жүлдегер атанды.

ҚазАқпарат