фото: olympic.kz
Сәкен Бибосынов 1/8 финалда түрік боксшысы Самет Гюмюшті жеңген еді.
Париж Олимпиадасында 51 кг салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін қорытындылап, өзбек боксшысымен өтетін кездесу туралы пікір білдірді.
Енді ол ширек финалда Өзбекстан өкілі Хасанбай Досматовпен жұдырықтасады. "Аллаға шүкір, жеңіске жеттім.
Бірақ қарсыласым осал емес. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Үшінші раундта 1-2 қателік болды. Енді келесі кездесуімде ондай қателіктерді қайталамауға тырысамын. Шаршы алаңда аянып қалмаймын.
Соңғы демім қалғанша жұдырықтасамын. Тактикаға келер болсақ, қарсыластың бойы аласалау. Бапкерім қашықтықта жұдырықтасып, ұпайға жұмыс жаса деп айтты. Екі раунд cолай істедім. Үшіншісінде сәл аяқпен жұмыс істеу жағынан кемшілік кетті. Келесі қарсыласқа тыңғылықты дайындаламыз", - деді Бибосынов Qazsport телеарнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Хасанбай Дусматов пен Сәкен Бибосынов арасындағы жекпе-жек 2 тамызда сағат 21:20-да басталады.
https://kyn.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через