фото: Спортты дамыту дирекциясы/kaz.inform.kz
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар санын 80-ге жеткізді. Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды, деп жазды kaz.inform.kz.
Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар. Олимпиадаға жолдама жеңіп алған спортшылар арасында 45 спортшы бірінші рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысады.
Ең көп жолдаманы боксшыларымыз жеңіп алды. Олар 10 Олимпиада жүлдесіне таласады.
Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Париж Олимпиадасына баратындардың арасынан бұған дейін жүлде алғандар:
Сәкен Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
Қамшыбек Қоңқабаев – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
Ең көп жүлде иегері:
Елдос Сметов– Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері
Ең жас спортшы – 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
Ең егде спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу)
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді.
XXXIII жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через