Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды
фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі/kaz.inform.kz

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медалі таныстырылды. 

Оны V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды.

Медаль қола қорытпасынан жасалған. Оның ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күнбасты адамның таңбасы бар. 

«Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», - деді спикер. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді және 21 спорт түрі бойынша 89 елден 2 500-ға жуық қатысушының басын қосады. Осындай айтулы іс-шара тек мәдени және спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар балалардың құқығы мен инклюзиясы туралы негізгі мәселелерді алға бастыруға көмектесетін алаң болады.

Дереккөз kaz.inform.kz.