WhatsApp

Туристерге шекара қайта ашылады

Туристерге шекара  қайта ашылады

Туристерге шекара  қайта ашылады

                 Шет мемлекеттер  үшін шекара қайта ашылмақшы.Дүниежүзін жайлаған індеттің салдарынан көптеген елдердің шек Пандемия басталғалы шетелдіктер үшін жабық тұрған Аргентина келесі айдан бастап шекарасын ашады. Қазан айында көрші мемлекеттерден келген азаматтар кіре алады. Ал қарашаның бірінен кейін өзге елден келген туристерді қабылдайды. Бәріне қойылатын талап біреу – сырттан келгендер вакцинаның қажетті екі дозасын да алған болуы шарт. Сондай-ақ қолдарында ПТР-тесттің теріс нәтижесі болу керек. Ал екпе қабылдамаған туристер карантинге жіберіледі.

                Негізі Таиланд билігі де 1 қазаннан бастап ел астанасы Бангкокқа шетелдік туристердің келе алатынын хабарлаған еді. Алайда бұл мерзім екі аптаға кейінге шегерілді. Өйткені биліктің жоспары бойынша қала тұрғындарының 70 проценті вакцина салдырған болу керек еді. Алайда бүгінде бұл көрсеткіш тек 37 процент шамасында.