Репродуктивтік ағзалардың инфекциялары

Репродуктивтік ағзалардың инфекциялары

фото: pixabay.com

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады

Акушерлік-гинекологиялық практикада және ерлердегі урологиялық бұзылыстарды емдеуде байқалатын инфекциялар тобы репродуктивті ағзалардың инфекциялары ретінде анықталады.

 Бұл санатқа эндометрит, эпизиотомиядан туындаған инфекциялар, жыныс еріндерінің қабынуы және ер және әйел адамдардың репродуктивті ағзалары инфекцияларының басқа да түрлері жатады.

 Эндометритті анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы:

 - хирургиялық араласу кезінде пункциялау немесе жөкелі биопсия арқылы алынған эндометрия сұйықтығы немесе эндометрия тіні үлгілерінің себіндісінде микроорганизмнің бөлінуі;

 - жатырдан іріңді бөліндінің бөлінуі және мыналардың екеуінің: қызбаның (38°С-тан жоғары), іштің ауыруының немесе жатыр сезгіштігінің болуы болып табылады.

 Эпизиотомиядан туындаған инфекцияны анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:

 - эпизиотомияның айналасынан ірің ағу;

 - эпизиотомияның айналасындағы абсцесс.

 Қынап күмбезі қабынуын анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:

 - қынаптан ірің ағу;

 - қынап күмбезінің абсцесі;

 - қынап күмбезінің айналасынан алынған сұйықтық немесе тін себіндісінде микроорганизмнің бөлінуі.

 Ер және әйел адамдардың репродуктивті ағзалары (аналық және аталық без қосалқылары, қуықасты безі, қынап немесе эндометриттен және қынап күмбезінен басқа, ішкі жамбастың кез-келген басқа тіндері) инфекцияларын анықтау өлшемшарттары пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:

 - зақымдалған жерден алынған тін үлгілері себінділерінде немесе сұйықтықта микроорганизмнің бөлінуі;

 - хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілері;

 - мынадай белгілердің екеуінің: қызбаның (380С-тан жоғары), лоқсудың, құсудың, ауырсынудың, сезгіштіктің, дизурияның және мынадай жағдайлардың біреуінің болуы:

 - қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

 - дәрігер қойған диагноз.

 

Мақала авторы - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Каткенова Гаухар Сұлтанқызы.

 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите