Еуроодақ Wildberries компаниясының иесіне санкция салды

Еуроодақ Wildberries компаниясының иесіне санкция салды

фото: https://pixabay.com/

Еуропалық Одақтың санкциялық тізіміне 145 жеке және заңды тұлға қосылды. Олардың қатарында Wildberries компаниясының тең құрылтайшысы, ресейлік миллиардер Татьяна Ким де бар. Бұл туралы Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді. ЕО Wildberries-ке салынған шектеулерді маркетплейстің Ресей армиясы үшін жабдықтау желісі ретінде әрекет ететіндігімен байланыстырды.

Wildberries тиісті шектеулер маркетплейс пен экожүйеге кіретін өзге де компаниялардың жұмысына әсер етпейді деп отыр. Себебі компанияның Еуроодақ аумағында активтері жоқ. Олар барлық сервис қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынына нық сенімді.

Айта кететіні, биыл жазда Украина Ресей аумағындағы Wildberries-тің бірқатар қоймалары мен логистикалық орталықтарын дрондармен атқылаған болатын.

Дерек көзі: https://t.me/atamekenbusiness_qaz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите